Аймақтар Кубогының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

Қазақстан командасы «С» іріктеу тобына түсіп, Литва, Израиль және Эстониямен күш сынасады. УЕФА Аймақтар Кубогын тек әуесқой командалардың жарысы ретінде бекіткен. Ұлттық федерациялар бұл сайысқа өз елінде чемпион атанған бір команданы ұсына алады. Осы орайда халықаралық жарысқа еліміздің намысын Астананың «Достар» командасы қорғайды.

Аймақтар Кубогының келесі жылғы жаңа маусымына 39 елден команда қатыспақ. «Достар» бастапқы кезеңнен бастайды. Бұл ойындар 16-24 шілде күндері өтеді. Еске сала кетейік, биыл 4 тамыз күні Алматы облысының «БН-Қаскелен» командасын өте тартысты кездесуде 4:3 (негізгі уақыт 1:1) есебімен ұтқан «Достар» командасы ел чемпионатында топ жарып, аталған Аймақтар Кубогына жолда иеленді.

Аймақтар Кубогының бастапқы кезеңі. Жеребе нәтижелері:

«A» тобы: Уэльс, Грекия, Македония, Швеция

«B» тобы: Румыния, Словения, Грузия, Шотландия

«C» тобы: Қазақстан, Израиль, Литва, Эстония

Аймақтар Кубогының аралық кезеңі. Жеребе нәтижелері:

1-топ: Ресей, Солтүстік Ирландия, Португалия, бастапқы кезеңнің «А» тобының жеңімпазы

2-топ: Ирландия, Англия, Словакия, бастапқы кезеңнің «А» тобының жеңімпазы

3-топ: Хорватия, Франция, Латвия, бастапқы кезеңнің «С» тобының жеңімпазы.

4-топ: Түркия, Болгария, Беларусь, бастапқы кезеңде 2-ші орын алған командалар арасындағы үздік команда

5-топ: Германия, Сербия, Мальта, бастапқы кезеңде 2-ші орын алған командалар арасындағы 2-ші команда

6-топ: Испания, Украина, Әзірбайжан, Финляндия

7-топ: Венгрия, Чехия, Босния және Герцеговина, Сан-Марино

8-топ: Италия, Польша, Швейцария, Молдова

Аралық кезеңнің сегіз топ жеңімпазы Аймақтар Кубогының 2019 жылы өтетін финалдық кезеңіне жолдама иеленеді. Финалдық бәсекелердің өтетін орны осы сегіз қатысушы команданың елінен таңдалады.

- Айта кететінім, Аймақтар Кубогында қарсылас команданың ойнау мәнері мен күші сол елдің кәсіпқой құрамымен салыстыру дұрыс емес, - дейді ҚФФ баспасөз қызметіне сұхбат берген «Достар» ФК қорғаушысы Максим Жалмағамбетов. - Батыстағы командаларда бұрын кәсіби тұрғыда ойнап көрген ойыншы жоқ. Сондықтан олар қандай да бір схема мен тактикаға байланып қалған емес. Әуесқойлар алаңда еркін әрі ойнайды. Ол жерде жігіттер ақша үшн емес, клубының намысы үшін бақ сынайды. Мен де үш жыл бұрын Алматының «Достық» командасында доп тепкен едім. Әуесқойлар арасындағы жарыс болса да, ұйымдастыру жағы жоғары деңгейде. Ал турнир өте тартысты өтеді. Жеребе нәтижесінде деңгейлес командаларға түстік. Мен біздің футболшыларға зор үміт артып отырмын. «Достар» командасы ойыны тұрақты, құрамында шебер ойыншылары бар ұжым. Әйтпесе еліміздің чемпионы атанбас еді.

Аймақтар Кубогының өткен маусымында Шымкенттің ЗСМК командасы бақ сынаған еді. Қазақстандық команда Олег Сабиров жаттықтырған кезде 3 матч ойнады. Бірінші кездесуде Оңтүстік Уэльсті 3:2 (Богомолов, 3; Сейсембеков, 23; Дүйсеқұлов, 90 - Дженкинс, 13; Куик, 54) есебімен жеңген едік. Алайда қалған матчтарда ЗСМК ұпай ала алмады. Екінші матчта алаң иелері «Сан-Мариноға» 3:0, ал Грекияның «Ксантиына» 4:0 есебімен ұылдық. Осылайша команда келесі кезеңге өте алмады.

Еске сала кетейік, турнирде ойнаған командадан басқа қазақстандық рефери де жарысқа қатысты. Еліміздің ФИФА төрешісі Артем Кучин 2017 жылдың 9 шілдесінде Стамбулда өткен финалдық кездесуде керемет төрелік етті.