Орта салмақтағы әлем чемпионы Серхио Мартинес шаршы алаңға 2014 жылдың сәуірінде немесе мамырда оралмақ, деп хабарлайды Fightnews.
 
«Әлі де көп мәселе шешілмеген, шаршы алаңға 2014 жылдың сәуір немесе мамыр айларында оралатыным рас, келесі жекпе-жегімді өз отаным Аргентинада өткізем», - деді Мартинес. Естереңізге сала кетсек аргентиналық боксшы биылғы маусымда британдық боксшы Мартин Мюрреймен өткен жекпе-жек барысындағы жарақатына байланысты емделуге мәжбүр болған.
 
Боксшының сөзіне сүйенсек келесі кездесуінде қарсыласы атақты боксшы болмақ, бұдан бұрын берген сұхбаттарында Серхио Геннадий Головкинмен кездесуге дайын екенін аңғартқан.