«Ливерпульдің» жартылай қорғаушысы Эмре Джан келесі жылы жазда «Ювентусқа» ауысады.

23 жастағы германиялық футболшы жаңа клубында жылына төрт миллион еуро алады. Ал еңбек келісімі 5 жылға жасалған.

Естеріңізге сала кетсек, Джан жазда еркін агент болып, «Ливерпульден» тегін кетеді.