Екі дүркін Қазақстан кубогының иегері көкшетаулық «Арлан» 1999 жылы өткен Азия ойындарының жеңімпазы Андрей Трощинскиймен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды «Арлан» хоккей клубының ресми сайты.

Өскемен хоккей мектебінің түлегі соңғы екі жылды павлодарлық «Ертістің»сапында өткізген болатын, 104 кездесуге қатысып, гол+пас көрсеткіші бойынша 61 (21+40) ұпай жинапты.