Бүгін Чемпиондар лигасының плей офф кезеңіне шыққан барлық командалар белгілі болады. Үздіктер қатарына қазірдің өзінде 12 команда еніп қойды. Ендігі қалғаны солармен сынға түсетін тағы төрт команданы анықтау. Біз де бұл мүмкіндікті мүлт жібермей, болжам жасап қаржымызды бірнеше есеге еселеуге тырысамыз...

«Шахтер» - «Манчестер Сити»

Бүгін өтетін кездесуге дейін ағылшындық команда топтан шығу мәселесін шешіп тастаған. Ал «Шахтерға» сол жетістікті қайталау үшін қалай да жеңілмеу керек. Тең ойын украиналық команданы плей офф кезеңіне алып шығады. Ал ұтылып қалған жағдайда «Наполимен» кездесетін «Фейеноордтың» тілеуін тілегеннен басқа амал қалмайды. «Манчестер Сити» биылғы чемпиондар лигасында жеңілісті айтпағанда бірде-бір рет тең ойын өткізген жоқ. Бүгінгі күнге дейінгі бес ойында бес жеңіске қол жеткізген ағылшындық команда бүгін де жеңіске жетуді теріс көрмейді. Қосалқы құрам ойыншыларын шағарғанның өзінде бір немесе екі гол соғуға қауқарлы. Сондықтан бұл ойынға біздің болжам жеке тотол «Манчестер Сити» 1,5 көп болмақ. Букмекерлік кеңселер бұл болжамымызға 2.25 коэфицент беріпті.