Бірнеше аптадан соң «Ақтөбе» футболшысы Еміл Кенжесариевке Германияда не Израильде тағы бір операция жасалатын болды. 
 
Ақысы қымбат операцияға Емілдің достары мен әріптестері 50 мыңға жуық доллар жинап бермекші. Спортшының болашақта футбол алаңына қайта шығып-шықпауы осы бір күрделі операциядан кейін белгілі болады.
 
Бұдан бұрын 25 жасар футболшының жан сақтау бөлмесінен палатаға шығарылғандығын хабарлаған болатынбыз. Қазір Емілдің жағдайы бірқалыпты. Кейде есін жинайды, алайда сөйлемейді.
 
Естеріңізге саламыз, Қазақстан чемпионатының үздік қорғаушысы Е.Кенжесариевті 2013 жылы 12 тамызда Алматыда белгісіздер соққыға жыққан болатын. Кейіннен ол ауыр халде ауруханаға жеткізілген.