«Астана» гандбол клубы Херсон қаласында өткен «Украина егемендігі» күніне арналған жарыста үшінші орын алды. 
 
Аталған жарыс екінші рет өткізілуде, Украина мен Қазақстаннан басқа бұл додаға Беларусь мемлекеті қатысты.
 
Жарыс қорытындысы бойынша жерлесіміз Ирина Гончарова «үздік қақпашы» атанса, «үздік қорғаушы» атағына Елена Клименко ие болды.