Футзалдан Ресей құрамасы Әзірбайжан командасын 4:3 есебімен ұтты.

Матч «Төрт ұлттың турнирі» аясында өткен.

Бұл матчта екі ойыншы дубль авторы атанды: Эвертон Кардозо (Әзірбайжан) және Лысков (Ресей).

Естеріңізге сала кетсек, Әзірбайжан командасын бұған дейін «Қайрат» футзал клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болған Алесио жаттықтырады.

Әзірбайжан – Ресей – 3:4

Голдар: Эвертон Кардозо 23,28, Вассура 40 – Милованов 15, Лысков 17, 31, Ниязов 35.