Америкалық бұрынғы боксшы Майк Тайсон Алматы қаласындағы түнгі клубтардың біріне қонақ болып барды.

Түнгі клубқа келген қонақтар даңқты боксшының күтпеген жерден келуін видеоға түсіріп алды. Видеода Майк Тайсонның жанкүйерлерінің арасынан әрең өтіп бара жатқаны көрінеді. Сондай-ақ, Майк Тайсон жас қазақстандық орындаушы Айқынның өнер көрсетуін тамашалау үшін келді деген ақпарат бар.