Орта салмақтағы әлем чемпион Геннадий Головкин сейсенбі күні Нью-Йорк қаласына оралды, - деп мәлімдейді vringe.com.
 
Айта кетер жайт, 4-ші қыркүйек күні Головкин мен Кертис Стивенс алдағы кездесуге қатысты баспасөз маслихатын өткізеді. Қос боксшы тура бір айдан кейін, 4-ші қарашада «Madison Square Garden» шаршы алаңында рингке шығады.