Франция ұлттық құрамасы мен «Бавария» ФК жартылай қорғаушысы Франк Рибери «Алтын доптан» үмітті екенін жеткізді.– Еуропаның үздік футболшысы атанғанымды қатту қуандым. Месси мен Роналдуны басып озу оңай шаруа емес. Енді артынша келесі сыйлықты ұтуға тырысамын.-  «Алтын доп» сізге бұйырады дегенге сенесіз бе?– Әрине! Былтырғы маусымда жақсы ойын өрнегін көрсеттім. Кәсіби шеберлігімді жанкүйерлерге де мамандарға да дәлелдедім. Жеңімпазды анықтауға аз уақыт қалды, сондықтан мен мақтанбай, масаттанбай өз жұмысымды жалғастыра беремін.- Бакари Санья сізді Франция футболының үлгісіне балап жоғары бағалаған.– Мен туралы жылы сөз айтқанына рақмет. Шынында да қазіргі уақытта құраманың жүгі маған артылған. Бірақ мен бұл міндетті абыроймен алып жүрмін деп ойлаймын, – деді Рибери.