Қазақстандық боксшы Мұса Тұрсынғалиев кәсіпқой бокстағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді.

Мексиканың Канкун қаласындағы бокс кешінде ол жергілікті Алехандро Кутьерезді екінші раундта нокаутқа түсірді.

Айта кетейік, Тұрсынғалиев кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін 10 қарашада бастаған болатын. Соңғы жиырма күнде Мұса алты кездесу өткізіп, бәрін де жеңіспен аяқтады. Қарсыласының бәрі де мексикалық боксшы болды.