30 желтоқсан күні Алматыда екінші жартылай жеңіл салмақтағы әлем чемпионы титулы сарапқа салынады. IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Фируза Шарипова мен бельгиялық «Питбуль» Джемилла Гонтарюктің жекпе-жегіндегі негізгі файт-кард белгілі болды, деп жазуда отандық басылымдар.

Шарипова - Гонтарюк жекпе-жегінің андеркардында рингке шығатындардың тізімі мынадай:

  1. Әли Ахмедов (9-0-0, 7 КО), Қазақстан - ТВА - жартылай ауыр салмақтағы WBC Youth титулы үшін 10 раунд.
  2. Ержан Залилов (9-0-1, 4 КО), Қазақстан - ТВА - екінші жеңіл салмақтағы WBC International Silver титулы үшін 10 раунд.
  3. Инна Сагайдаковская (6-0-0, 2 КО), Ресей - ТВА - бірінші орта салмақтағы WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулы үшін 10 раунд.
  4. Сергей Дудинский (3-1-0, 2 КО), Ресей - Айдын Елжанов (4-0-0, 3 КО), Қазақстан - 10 раунд, титулдық айқас.
  5. Виктор Коточигов (5-0-0, 2 КО), Қазақстан - Александр Подольский (9-1-0, 3 КО), Ресей - 8 раунд.
  6. Жамшидбек Нажмиддинов (14-1-0, 9 КО), Өзбекстан - ТВА.
  7. Әли Балоев (2-0-0, 2 КО), Қазақстан - Игорь Караваев (8-15-0, 5 КО), Беларусь - 6 раунд.
  8. Еділ Қожамбердиев (1-1-0, 1 КО), Қазақстан - Руслан Родивич (14-24-0, 14 КО), Беларусь - 6 раунд.
  9. Темірлан Райымқұлов (1-0-1, 0 КО), Қазақстан - Барлық Жаидар (3-0-0, 2 КО), Қытай - 4 раунд.