Көркем графиканың бетіне Кеңес Одағының және Мәскеулік «Динамоның» атақты қақпашысы Лев Яшиннің бейнесі салынған.

1963 жылғы «алтын доп» сыйлығының иегері төрт әлем біріншілігіне қатысқан болатын. Мәскеудегі салтанатты іс-шарада ФИФА-ның бас хатшысы Фатма Самура ұйымдастырушылар көркем туындымен мақтана алатынын атап өтті. Әлемдік доп додасы келер жылы 14-маусымда басталып, 15-шілдеде аяқталады. Мундиаль Ресейдің 11 қаласында өтеді.