Мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Месут Өзіл лондондық «Арсенал» командасына көшті, деп хабарлайды ағылшын клубының ресми сайты.
 
Германия ұлттық құрамасының ойыншысы «канонирлармен» бес жылдық келісімшартқа отырды.БАҚ өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, трансфер құны -  42,5 миллион фунтты құраған.  Ойыншының жылдық табысы 8,6 миллион еуро болмақ.