Перудің астанасы Лима қаласы 2018 жылғы ауыр атлетикадан әлем біріншілігін өткізуден бас тартты.

Лима қаласы дүбірлі доданы не үшін өткізуден бас тартқаны әзірге белгісіз. Осыған орай, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы 24 қарашасы мен 3 желтоқсаны аралығында өтетін әлем біріншілігін Түркменстан астанасы Ашхабад қаласы қабылдайтын болады.