Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Халықаралық бокс ұйымының (IBO) қараша айындағы рейтингісінде жоғарылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жаңартылған рейтингте бірінші ауыр салмақта өнер көрсетіп жүрген отандасымыз Иса Ақбербаев (19-0-0,12 КО) 3 сатыға төмендеп, 33-орыннан көрінсе, жартылай ауыр салмақта Әли Ахметов (9-0, 7 КО) 58-орынды сақтап қалды. Ал бірінші орта салмақтағы Қанат Ислам (25-0, 20КО) ТОП-100 боксшінің ішінде бір саты жоғарылап - 7 орынға, жартылай орта салмақтағы Жанқош Тұраров (22-0-0, 15 КО) 4 сатыға көтеріліп, 62-орынға жайғасты.

Сонымен қатар, бірінші жартылай орта салмақтағы жерлесіміз Батыржан Жүкембаев (10-0, 9КО) 66-орыннан (+14 саты), жеңіл салмақта Бекман Сойлыбаев (12-0, 4КО) 46-орыннан (+33 саты), аса жеңіл салмақта Жанат Жақиянов (27-2, 18КО) 19-орыннан көрінді.