Қытайдың Донггуан қаласында жүгіруден өткен Азия чемпионатына қатысқан екі отандасымыз жүлдесіз қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты хабарлағандай, екі отандасымыз бұған дейін басқа дисциплинада өнер көрсеткен. Бұл додада Алексей Гусаров пен Дана Айдосова тұңғыш рет бақ сынап отыр.

Жалпы, құрлық біріншілігіне 19 елдің спортшылары қатысты. Марафоншыларды Қытайға жаттықтырушы Михаил Сорокивский апарды. Оның айтуынша, басты мақсат марафонды жаңа бастап жатқан спортшыларға жарыстың атмосферасын сездіру, тәжірибе жинау болған.

Гусаров 16-орынға тұрақтаса, ал Айдосова жарақатына байланысты мәреге жете алмады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

Марафоннан XVI Азия чемпионаты, Донггуан (Қытай).

Ерлер:

  1. Гопи Тонакал (Үндістан) - 2.15,48
  2. Андрей Петров (Өзбекстан) - 2.15,51
  3. Цевинравдан Бьямбаджав (Моңғолия) - 2.16,14

... 16. Алексей Гусаров (Қазақстан) - 2.30,38

Әйелдер:

  1. Ким Хе Ген (КХДР) - 2.28,35
  2. Кейко Ногами (Жапония) - 2.29,05
  3. Чжо Ун Ок (КХДР) - 2.30,01

... 7. Марина Хмелевская (Өзбекстан) - 2.39,52

... Дана Айдосова (Казахстан) - DNF.