Мадридтік «Реал» ресми түрде «Тоттенхэмнің» жартылай қорғаушысы Гарет Бэйлмен келісімшартқа отырғандығы жайлы мәлімдеді. 
 
Ойыншы мен клуб арасындағы келісімшарт 6 жылға жоспарланған. 
 
Испандық БАҚ өкілдері трансфер құны 100 миллион еуроны құрады деп хабар таратты. Осы сөзге сенер болсақ, Бэйл әлемдегі ең қымбат ойыншы атағына ие болып отыр.
 
Естереңізге сала кетсек, Бэйл былтырғы маусымда ағылшын Премьер-лигасының ең үздің ойыншысы атанған. Қорғаушы «Тоттенхэм» сапында 203 ойын өткізіп, 56 гол соққан.