Алматыда Fight night global 80 жарысы өтуде.

Жекпе-жек кеші аясында 57 келіге дейінгі салмақта, қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов америкалық Шадж Хакпен күш сынасты. Тартысты кездесуде фаворит болған жерлесіміз жеңіске жетті. Кездесу үш раундқа созылып, төрешілер жеңісті жерлесімізге берді.

Естеріңізге салайық, аталмыш турнирді Fight nights global және AFC ұйымдары бірлесе ұйымдастыруда.