Қазақстан Премьер-Лигасының 2017 жылғы футбол маусымындағы ең үздік жас ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов «Астана» футбол клубымен үш жылдық еңбек келісімшартына қол қойды.

19 жастағы жартылай қорғаушы, орталық алаңда және сол жақ қапталда өнер көрсете алады. Бахтиер негізі «Тараз» футбол клубының тәрбиеленушісі. Жас ойыншы осыған дейін дубль құрамында өнер көрсетіп, Премьер-Лигадағы алғашқы кездесуін осы маусымда өткізді.

Зайнутдинов осы маусымда жалпы саны 27 ойын өткізіп, 7 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген. Ал осы нәтижелі арқылы ел чемпионатының сұрмергендері тізімінде 11-ші орынға ие болды.

Жартылай қорғаушы Қазақстан жасөспірімдер құрамасында U16 және U 19 аралығында өнер көрсеткен. Ал осы маусымда Қазақстан Жастар құрамасы сапында Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңі аясында 4 ойын өткізген.