«Тоттенхэм» «Аякстың»  21-жасар даниялық жартылай қорғаушысы Кристиан Эриксенмен келісімшартқа отырды. «Тоттенхэм» басшылығы бұл жас жұлдызды  сатып алу үшін 13,5 миллион еуро жұмсады.
 
Жас футболшы «Аякс» сапында 161 кездесу өткізіп, 33 гол соққан болатын. Кристиан Голландия чемпионатынның үш дүркін жеңімпазы. 2011 жылы Данияның үздік футболшысы атанған.