Қазақстан Премьер-лигасының 25-ші туры аясындағы орталық кездесуде «Астана» «Кайратты» жеңді.
 
Алматының «Орталық стадионында» өрбіген матч 2:1 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Есепті қонақтар ашты. Кояшевич айып соққысынан қақпа саңлауын дәл тапты - 1:0. Артынша, 65-минутта Остапенко есепті еселеп баспен әдемі гол соқты. Ойынның аяқталуына он минут қалғанда алматылықтар сапындағы қарамаржан Мамду Сиссей «Астананың» бірнеше қорғаушысын алдап өтіп есепті қысқартты. Басакөктеп алға ұмтылған «Қайрат» шабуылға бар күшін жұмылдырған, алайда уақыт жетіспеді. Қорытынды есеп өзгермеді, «Астана» кезекті жеңісіне қол жеткізді.
 
 

Қазақстан чемпионаты. Премьер-лига. 25-ші тур.

«Қайрат»-«Астана» - 2:1 (1:2)

Голдар: Сиссей 80 - Кояшевич 20, Остапенко 65