Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) айқастың екінші бөлігіне дайын екендігін мәлім етті.

«Мен дайынмын. Golden Boy-мен және «Канеломен» сөйлесіп көріңіздер. Мен - әлем чемпионымен және мен нағыз дайын күйдемін», - деп келтіреді Геннадийдің сөзін Box Azteca.

Екінші кездесу келесі жылдың 5 мамыры күні өтетіні күтілуде. Боксшылардың 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен алғашқы жекпе-жектері тең аяқталды.