Монакода өткен Чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімінде Еуропаның үздік ойыншысы анықталды.

Франция ұлттық құрамасы мен «Баварияның» шабуылшысы Франк Рибери 2012/2013 маусымындағы үздік ойыншы атағына ие болды.  «Барселона» шабулшысы Лионель Месси мен мадридтік «Реал» ойыншысы Криштиану Роналду үміткерлер қатарында болған.

«Өзімді бақытты сезініп тұрмын! Чемпиондар лигасын ұтып алғандағы көңіл-күйім қайта оралды. Жеңісімді жанұяма арнаймын», - деді Рибери.