Мадридтік «Реал» Зинедин Зиданның орнына білікті маман тапты, деп хабарлайды Don Balon.

Дереккөздің мәліметінше, клуб басшылығы команданың нәтижелеріне көңілі толмайды. Сол себепті жаңа бапкер қарастыруда. Оның ізбасары ретінде Флорентино Перес германиялық маман Йоахим Левты көруде.