Қазақстан ұлттық жастар құрамасының бас бапкері Сергей Боровский алдағы Франция мен Исландия құрамаларына қарсы ойынға шақырту алған ойыншалардың тізімін жариялады.

Қазақстан футбол федерациясы хабарлауы бойынша, алдымен команда Астана да жиналған соң, 3-ші қыркүйек күні Франция аттанады, 5-і қыркүйек күні Кан қаласында Франциямен кездесу өткізеді. Артынша 10-шы қыркүйек күні Коупавогюр қаласында Исландия жастар құрамасымен кездеседі.

Қақпашылар: Сергей Ткачук («Шахтер» Караганда), Стас Пактилов («Шахтер» Караганда)Қорғаушылар: Бағдәулет Қожабаев («Ертіс» Павлодар), Кирилл Пасичник («Астана»), Саят Сариев («Жетісу» Талдықорған), Игорь Пикалкин («Астана»), Дмитрий Мирошниченко («Ақтөбе»), Максим Грек («Ордабасы» Шымкент), Григорий Сартаков («Спартак» Семей)Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат («Астана»), Илья Калинин («Қайрат» Алматы), Александр Ульшин («Оқжетпес» Көкшетау), Бауыржан Исламхан («Астана»), Шерхан Бауыржан («Тараз»), Алибек Аяганов («Ертіс» Павлодар), Эльвин Аллаяров («Ертіс» Павлодар)Шабуылшылар: Роман Мұртазаев («Шахтер» Қарағанда), Абзал Бейсебеков («Астана»), Қуаныш Бегалин («Ертіс» Павлодар)