Өткен түні «Селтик» пен «Шахтер» плей офф кезеңіндегі іріктеу ойын аяқталысымен, Тараз қаласында бір адам қайтыс болды. 

«Интерфакс-Қазақстан» мәлімдеуінше, жанкүйер ойынды көріп біткен соң жағдайы нашарлай түсті. Шақырылған доғдырлар адамның қайтыс болғаны жайлы хабарлады. Доғдырлардың айтуынша 56- жасар ер адам гипертониямен ауырған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, Чемпиондар лигасындағы «Селтик» пен «Шахтер» өткізілген кездесу 3:0 есебімен шотландиялықтардың жеңісімен аяқталған болатын.