Almaty Arena спорт кешенінде футзалдан студенттер лигасының финалы өтті. Қарашаның 11-і мен 19-ы аралығында өткен футзал жарысында Каспий университетінің студеннттері чемпион атанды. Финалдық матчта олар Қарағанды экономика универсиетінің ойыншыларын 6:4 есебімен жеңіп, 3 млн. теңге сыйақы алды. Солтүстіктен келген қонақтарға 500 мың теңге берілсе, үшінші орындағы IT халықаралық университетіне 300 мың. теңге табысталды.