Қазақстан Футбол Федерациясының бас бапкері Александр Бородюк арнайы «Men’s Health Kazakhstan» үшін сұхбат берді. Өз сөзінде ресейлік маман Қазақстан футболының басты проблемаларын айтты.

- Сіздің ойыңызша, Қазақстан футболының ең күрделі үш мәселесі қандай?

Біріншісі – инфрақұрылым. Алматы мен Астанада керемет, Ақтөбеде жақсы стадион. Қалған жерде жақсы деп айта алмаймын.

Екіншіден, тіпті оны бірінші орынға да қоюға болатын шығар, ол – дайындық жүйесі. «Қайрат» сияқты академиялар көп болған сайын, футбол деңгейі де жоғарылайды. Мен Қазақстанда футболмен айналысқысы келетін кішкентай талантты балалар жоқ екеніне сенгім келмейді. Олар келіп жаттығатын академиялар болуы керек. Жеке инвесторлар пайда болғаны да жақсы, бірақ ондайлар әзірге жоқ. Сондықтан бұл шаруаны мемлекет қолға алуы қажет. Мен мемлекеттік-жеке әріптестік туралы айтып отырмын.

Үшінші мәселе айтылған екеуінен шығады. Жанкүйерді футболға тартатын, бәсеке толы чемпионат қажет. Қазір чемпиондық атаққа екі-ақ команда таласады. Егер сондай тағы 7-8 клуб пайда болса, көптеген жас футболшылар Ұлттық құрамаға тартылады.