УЕФА-ның шешімімен түріктің «Фенербахче» клубы еурокубогтық ойындардан шеттетілді.

«Фенербахче» матчтарды сату былықтарына қатысы болғандықтан беделді ұйымның Лозаннадағы арбитраждық соты (КАС) осындай үкім шығарды. Түркиялық клуб уәж айтып апелляцияға берген, алайда КАС олардың сұранысын қанағаттандырмады.