Қарашаның 18-і мен 19-ы аралығында «Бағанашыл» спорт кешеніңде спорттық биден 11-ші рет «Күз вальсі-2017» халықаралық турнирі өтеді. Жарысқа Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Беларусь, Ресей мемлекеттерінің өкілдері қатысады.Бұл турнир Алматыда 2005 жылдан бері өткізіліп келеді. Турнирде 1000-нан астам еліміздің бишілері өзара мықтыны анықтайды. Сонымен қатар, төрешілер қатарында өзге мемлекттерден келген білікті мамандар қызмет атқарады.Жарыс аясында халықаралық сайыстардың категориясы бойынша ҚР біріншілігі мен кубогі өткізіледі: Балалар (4-6 жас); Ювеналдар 1 (7-9 жас); Ювеналдар 2 (10-11 жас); Юниорлар 1 (12-13 жас); Юниорлар 2 (14-15 жас); Жастар (16-18 жас) және Ересектер (19 –дан жоғары).