«Манчестер Сити» командасының бас бапкері Хосеп Гвардиола АПЛ-дың қазан айындағы үздік бапкері атанды.

Өткен айда испандық маман жаттықтыратын «Манчестер Сити» үш ойынның үшеуінде де жеңіске жеткен болатын. Ал оның командасы турнирлік кестеде өзгелерден оқ бойы озып келеді.

Хосеп Гвардьола Дауыс беру қортындысында Маурисио Покеттино («Тоттенхэм»), Арсен Венгер («Арсенал») және Шон Дайчты («Бернли») басып озды.

Айта кетсек бұл марапатқа «Манчестер Сити» командасының бас бапкері екінші рет қатарынан қол жеткізіп отыр.