Мексикада Golden Boy промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен бокс кеші өтті.

Бокс кешіне қазақстандық кәсіпқой боксшы Мұса Тұрсынғалиев та өнер көрсетті. Бұл туралы ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Профи Бокс Казахстан» тобы хабарлайды.

Мұсаның қарсыласы жергілікті боксшы Рикардо Моргадо болды. Екінші жеңіл салмақта өткен кездесу төрт раундқа жалғасып төрешілердің бірауыздан шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жетті.

Айта кетсек, бұл Мұса Тұрсынғалиевтың кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісі.