Қытайлық Desports Group компаниясы «Парма» клубының 60 % акциясын сатып алды. Ал клуб президенті болып бизнесмен Джан Лицзян тағайындалды.

«Парма» клубы 2015-жылы қаржылық дағдарысқа ұшырып, D сериясына түсіп қалған болатын. Қазіргі уақытта команда В сериясына көтерілді.

Естеріңізге салсақ, «Парма» клубының 30 % акциясы жергілікті бизнесмендерге тиесілі. Ал клубтың он пайыз үлесі жанкүйерлерге тиесілі.