Бокстан ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы украиналық Владимир Кличко спорттық мансабы туралы сұраққа жауап берді.

Кличко BBC-ге берген сұхбатында боксқа қайта оралуы мүмкін екенін жасырмады.

«Бұлай кесіп айтуға болмас. Мүмкін, екі жылдан кейін спорттық жолымды жалғастырам», - деді Кличко.

41 жастағы Кличко кәсіби рингте 69 айқас өткізіп, оның 64-ін жеңіспен аяқтады, бес рет сүрінген.