Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері Александр Бородюк команданың 2018 жылға жоспарын айтып берді.

«2018 жылдың 24 қаңтары күні Ұлттар Лигасының дебюттік ойынына жеребе тарту өтеді. Оның нәтижесі бойынша, Қазақстан құрамасы мен оның жанкүйерлері аталмыш турнирдегі қарсыластарымызды білетін болады. Оған дайындық ретінде 2018 жылдың ақпанында Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізуді көздеп отырмыз. Оқу-жаттығуда өткен жолғы жиынға қатыспаған футболшылар тестілеуден өтеді. 2018 жылдың ақпанында ФИФА мен ЕУФА-ның ресми даталары белгіленбеген. Қазақстан кәсіби футбол лигасы клубтарының басшылығы мен бапкерлері түсіністікпен қарап, ұлттық құрамадағы ойыншыларды оқу-жаттығу жиынына жіберуге қатысты келісе аламыз деп ойлаймын», - деді Бородюк.