Қазақстандық боксшы Мұса Тұрсынғалиевтің келесі қарсыласы белгілі болды.

BoxRec.com ақпаратына сүйенсек, Мұсаның қарсыласы мексикалық Рикардо Моргадо болмақ. Ол бұған дейін 4 кездесу өткізіп, бәрінде ұтылып қалған.

Жекпе-жек 16 қарашада мексикада өтеді.

Айта кетейік, Тұрсынғалиев үшін бұл соңғы жеті күндегі үшінші жекпе-жек болмақ. Бұған дейінгі екеуін ол нокаутпен жеңді.