Қазақстандық былғары қолғап шебері Қанат Ислам «Жыл таңдауы» жобасының нұсқасы бойынша жылдың үздік спортшысы атанды.

Бұл туралы боксшының PR-менеджері Берік Сұлтан Facebook желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

«Қанат Ислам «Жыл таңдауы» жобасының нұсқасы бойынша жыл спортшысы атанды. Кəсіпқой рингте 25 кездесу өткізіп барлығында жеңіске жеткен, оның 20-сын нокаутпен ұтқан ұлтымыздың мақтанышы, WBA intercontinental, WBO NABO чемпиондық белбеуінің иегері Қанат Ислам «Қазақстандағы №1 жыл таңдауы» - «Алтын адам» сыйлығының лауреаты жəне «Жыл спортшысы» атанды», - дейді Берік Сұлтан.

Айта кетейік, Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін Астана қаласында Брэндон Кукке қарсы өткізіп, 9-шы раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.