Қазақстандық теннисшілер Михаил Кукушкин, Ярослава Шведова мен Галина Воскобоева US Open додасының екінші кезеңіне өтті.
 
Кукушкин алғашқы кездесуінде Андрей Мартинді 6:4, 7:6, 7:5 есебімен жеңді. Келесі қарсыласы австриялық Андриан Хайдер-Маурер.
 
Воскобоева бірінші кезеңде румындық Моника Никулескуден басым түсті (6:4, 6:3). Келесі кезеңде Галинаны әлемнің бірінші ракеткасы Серена Уильямспен кездесу күтуде.
 
Шведова бірінші ойында ресейлік Ольга Пучкованы 6:1, 6:0 есебімен аса қиындықсыз жеңді. Келесі қарсыласы Австрия өкілі Патриция Маур.