УЕФА Чемпиондар лигасын аясындағы «Селтик» пен «Шахтер» арасындағы ойында норвегиялық ФИФА төрешісі Свейн Моэн қазылық етеді. 
 
34-жасар бас төрешіге Ким-Томас Хаглунн мен Франк Андас (екеуі де Норвегия өкілі) көмектеседі.
 
Естеріңізге сала кетсек, Моэн былтырғы Чемпиондар лигасында «Арсенал» мен «Бавария» және «Реал» мен «Галатасарай» кездесулерінде төрелік еткен.