Қарағандылық «Шахтер» Глазгоға аман-есен жетіп, «Селтикке» қарсы өтетін қарымта ойын алдындағы алғашқы жаттығуын өткізді.

Жерлестеріміз Астана уақыты бойынша сағат 22:00-де қонақ үйге жайғасып бірінші дайындығына аттанды. Жаттығу жергілікті клубтың «Поллок» атты қосымша алаңында өтті. Ең қызығы, «Селтик» пен «Шахтер» матчы алдында көшеде шулап жүрген фанатты көрмейсің. Ауарайы Қарағындыдағыдай. Сынап бағанасы 18-19ды көрсетуде.

Ертең, тамыздың 28 күні «Селтик Парк» стадионында қос ұжым арасындағы матч басталады. Астана уақытымен 00:45-те КТК аранасы ойынды тікелей таратады.