Қазақстандық кәсіпқой боксшы, WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) американдық боксшы Дэниэл Джейкобстың алда болуы мүмкін қарсыластарының тізімінде көш бастады.

Дэниэл Джейкобстың алдағы уақытта кездесуі мүмкін бес қарсыласының тізімін бокс туралы жазатын Boxing News журналы жасады.

Естеріңізде болса Головкин мен Джейкобс осыған дейін кездесіп төрешілердің шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жеткен болатын.

Головкиннен өзге тізімде Энди Ли, Риота Мурата, Джермалл Чарло және Сергей Деревянченко бар.