«Спорт менің ауламда» бағдарламасы аясында бүгін Алматының үш ауданында спорттың бірнеше түрлерінен іріктеу жарыстары өткізілді.

Жарысқа осы бағдарламаға қатысқан 7-ден 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер қатысты. Сайыс Әуезов, Жетісу және Түрксіб аудандарында орналасқан алаңдарда асық ату, шағын футбол, бұқа тартыс, скакалка, арқан тарту, жеңіл атлетика, стритбол және тымақ ұру спорт түрлерінен болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом мен медалдарға ие болды. Олар енді, желтоқсанның 2-сі мен 7-сі аралығында өтетін аудан арасындағы жарыстарға қатысады. Аудандық кезеңнен өткен қатысушылар қалалық чемпиондар лигасы атты финалдық ойныдарда бақтарын сынайтын болады. Финалдық кездесулер желтоқсанның 16-17-сі күндері Almaty Arena стадионында өтеді.

- Финалдық кездесулер қысты күні, ауа райына қарамастан өтетін болады, тек жаңбыр жаумаса болғаны, - дейді әуезов ауданының бас төрешісі Юрий Фролов. Әуезов ауданыңда қазір 19 алаң жұмыс істейді. Солардың төртеуінде барлық балаларды жинап, біз бүгін іріктеу жарыстарын өткіздік. Барлығы да дән риза, - деді бас төреші.

Айта кетер жайт, барлық жарыстар қаланың үш ауданыңда бір уақытта, бір күнде өткізілген болатын. Әр алаңда 100-150 балалармен жасөспірімдер, күннің суығына қарамастан өзара мықтыны анықтады.

- Мен кішкентай кезімнен асық ойнамын. Маған бұл ойын өте ұнайды, содан кейін бүгінгі жарысқа қатысуды жөн санадым. Барлығы да жақсы өтті, бірінші орын алғаныма қуаныштымын. Жүлделерім көп болса екен деймін, - деді Ибрагим Еділбаев есімді қатысушы.

Бұл спорттық іс-шара енді келесі апта, қалған аудандарда "Спорт менің ауламда" бағдарламасы аясында өткізілетін болады. Бұл бағдарлама осы жылдың басында 75 алаңда бастау алды. Білікті нұсқаушылар күнделікті өздерінің алаңдарында жаттығу өткізеді. Қазіргі танда қатысушылардың саны 7321-ге жеткен.