«Селтик» жартылай қорғаушысы Скотт Браун жаңадан келген ойыншыларды алдағы «Шахтер» мен кездесуде мұқият болуын, еш қобалжымай ойнау керек екендігін айтты.

«Үлкен кездесүлерде ойнап жүрміз. Мен білмеймін, олар не ойлап жүргендерін, алайда «Селтик» ұлы команда екендігін ұмытпаған дұрыс. Олар оңай деп ойлауда. Астанада өткізілген ойын барлығымызды аспаннан жерге түсірді. Ең басты ойын алдымызда әлі, сол ойында бар күшімізді салып ақтық кезеңге жолдама алуға тырысамыз»,- дейді Браун dailyrecord.co.uk. сайттында.

Осы маусымда «кельттер» сапын Амидо Бальде, ван Дэйк, Стивен Мойуколо және Дерк Бурригтер толықтырған болатын.