Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Деметриус Андрейд WBC, WBA және IBF белбеулерінің иегері Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді.

«Қазір нағыз Головкинмен жұдырқтасатын кезім. Әрине, Головкиннің өкілдері Деметриус Андрейд сияқты қауіпті қарсыластармен жекпе-жек өткізуді зерттеу керек. Бұл жекпе-жек мен әлем жұлдыздарының қатарына қосар еді. Ол деңгейге Головкин секілді бірнеше боксшылармен жұдырықтасқан кезде шыға аламын», — дейп келтіреді Андрейдтің сөзін BoxingScene.