Almaty Arena және Halyk Arena мұз сарайында жаппай сырғанау маусымы жалғасуда. Алматы қаласының түрғындары мен қонақтарына сенбі және жексенбі күндері жұмыс істейтін мұз айдындары бір кесте бойынша қызмет көрсетеді.

Екі сағаттық бір сеанстың бағасы балаларға 300-500 теңге, студенттер мен зейнеткерлерге 500-800-1000, ал үлкендерге 500-1000-1500 теңгені құрайды. Жаппай сырғанау уақыты сенбі күндері сағат 11:00-ден 23:00-ге, ал жексенбі күндері 22:00-ге дейін.

Сонымен қатар, бұл жерде жаңадан келгендер мен кез келген қонақтарға, көмектесуге әрдайым дайын нұсқаушыларда қызмет көрсетеді.

- Біз таңертенгі 10-нан кешкі 10-ға дейін жұмыс істейміз. Бұл жерде төрт сеанс болады, кез келген балалармен үлкендерді үйретуге дайынбыз. Үйрету бізде тегін емес, 30 минутқа 1500 теңге аламыз. Бірақ, бізге көмек сұрап келгендерге қарсылық білдірмейміз, былай да көмектесе береміз. Адамдарға осы жерде коньки тепкен өте ұнайды, әсіресе жаңадан келгендерге,- деді нұсқаушылардың бірі Елдана.

Оның айтуынша, ол бұл жерде бір жылдан астам уақыт жұмыс істеген, көп қонақтардың арасынан отбасымен келетіндерді жиі кездестіруге болады дейді. Олардың көбі қыс мезгілі басталғанда жиналады екен, ал қазір келушілердің саны күннен күнге артып келеді. Желтоқсан, қаңтар айларында бір сеанстаорташа есеппен 100-150, кей кездері 200 адамға дейін жиналатынын мәлімдеді.

- Бүгін біз немереміздің туған күнін атап жүрміз. Немерем осы жерге келейік еген соң бас тарпадым, - дейді келушілердің бірі Ерғали Мамырбеков. Бірақ менің коньки теппегеніме көп жылдар болды. Ұмытып қалыппын, міне енді қайта үйреніп келемін. Қиындау, әрине. Жасым 60-қа келді. Зейнетке шыққан соң жиі келіп тұратын боламын, - деді ол.

Назарларыңызға жаппай сырғанау сеансының кестесін ұсынамыз.

11:00-ден 13:00-ге дейін. Балалар – 300 теңге, студенттер және үлкендер – 500 теңге.

14:00-ден 16:00-ге дейін. Балалар – 500 теңге, студенттер – 800 теңге, үлкендер – 1000 теңге.

17:00-ден 19:00-ге дейін. Балалар – 500 теңге, студенттер – 800 теңге, үлкендер – 1000 теңге.

20:00-ден 23:00-ге дейін (сенбі күндері), 20:00-ден 22:00-ге дейін (жексенбі күндері). Балалар – 500 теңге, студенттер – 1000 теңге, үлкендер – 1500 теңге.