Серік Сапиев пен Әділбек Ниязымбетов халықаралық рейтингіде көш бастап тұр.
 
Халықаралық бокс федерациясы жаңа рейтингісін жариялады.Лондон олимпиадасының чемпионы Серік Сапиев 69 келіде әліде болса көш басап тұр. Ал Сапиевтің ежелгі қарсыластары Тарас Шелестюк пен Андрей Замковой тиісінше екінші және үшінші орынға жайғасқан. Лондон олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов 81 келіге дейінгі салмақта, олимпиада финалында ұтылып қалған Егор Мехонцевті және Хулио Ла Крузды басып озып осы салмақтың тізгінін ұстады.
 
Аса ауыр салмақтағы олимпиаданың қола жүлдегері Иван Дычко екінші сатыда.91 келі салмақта әзірбайжандық Магомедрасул Меджидов бәрінен биік тұр.