Алматылық «Қайрат» футбол клубының көшбасшыларының бірі Исаэль бүгін футзалдан өткен Қазақстан чемпионаты аясындағы «Қайрат» пен «Жетісу» (2:2) арасындағы ойында болды.

«Маған футзал ұнайды, мүмкіндігінше «Қайраттың» ойынын жібермеуге тырысам. Бүгін екі команда үшін де ауыр ойын болды. «Жетісу» ойыншылары өзін жақсы жағынан көрсете алды. Ия, «Қайрат» бүгін жеңіске жете алған жоқ. Алайда олардың ойыны менің көңілімнен шықты», - деді бразилиялық «Қайрат» футзал клубының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.