9-13 қараша күндері Ақтөбе қаласында дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты мен кубогы өтеді. «Жекпе-жек» спорт кешенінде өтетін ел біріншілігіне еліміздің 14 облысы және Астана мен Алматы қаласынан барлық дзюдошылар қатысады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еліміздің ең беделді дзюдошылары, атап айтқанда, Әлем чемпионы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов пен Әлем Чемпионы Максим Раков жарақаттарына байланысты чемпионаттан босатылған. Ал қыздар ұлттық құрама командасынан барлық бұрымды балуандар Ақтөбеде белдеседі. Оның ішінде Рио Олимпиадасының және Әлем чемпионатының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг те бар.